Облыста балалар мен жүкті әйелдер пфайзер вакцинасын алдағы аптадан бастап салдыра алады
Облыста балалар мен жүкті әйелдер пфайзер вакцинасын алдағы аптадан бастап салдыра алады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар тек екпенің жеткізілуін күтіп отырғандықтарын айтады. Вакцинациялау жұмыстары 3 деңгей бойынша жүзеге асады. Оқушыларға пфайзер вакцинасы мектепте салынады. Қазақстан пфайзер вакцинасының 4 миллион 230 мың дозасын сатып алды. Вакцина алдымен 16-18 жас аралығындағы жасөспірімдерге салынады. Кейін 6-37 апта аралығындағы жүкті және бала емізетін әйелдер мен 12-15 жас аралығындағы балалар екпе алады. Басқа топтарға салынбайды. Қазір облыста 40 мыңнан астам бала мен 10 мыңға жуық жүкті әйел бар. Олардың ішінде оқушыларды вакцинациялау білім беру ұйымдарындағы егу пункттерінде жүргізіледі. Айта кетейік, қазір облыста 27 бала вирус жұқтырып, амбулаторлық ем қабылдауда.
Пфайзер өндірісінің вакцинасы -60-90 градус температурада облыстық денсаулық сақтау басқармаларының қоймасында сақталады. Ал оқу орындарының егу пункттерінде +2+8 градус температурада 30 күнге дейін сақталады. Айта кетейік, ерекше сақтауды қажет ететін препарат үшін Қазақстан 85 мұздатқыш сатып алды. Екпе алғаннан кейінгі ревакцинациялау 6 айдан кейін жүзеге асады.
Количество показов: 685
Дата создания: 18.11.2021 18:18:19
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 году и является одной из старейших прогр... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы байырғы хабарлардың бірі. Эфирге 1997 жылд... Подробнее >>