Облыста абаттандыру және санитарлық тазарту жұмыстары бойынша, күзгі екі айлық басталды
Күзгі екі айлық сенбілікке, облыс бойынша 7 мыңнан астам адам қатысты. Мамандардың айтуынша жұмысқа 119 арнайы техника жұмылдырылып, жүздеген тонна қоқыс шығарылған. Қазір тағы 17 аумақта тазарту жұмыстары жүргізілуде. Екі айлық аясында 135 гектар аумақта жасыл аймақтар құрылып, 450 мыңнан астам ағаш отырғызу жоспарланған. Ақтөбеде тазалық жұмыстарына 2,5 мыңға жуық адам мен 27 арнайы техника тартылды. Қала аумағынан 5 мың тоннаға жуық тұрмыстық қалдық шығарылды. Сондай-ақ кәсіпкерлердің қолдауымен 29 шағынбақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Саябақтардың экологиялық әлеуеті жақсарады. "Дүниежүзілік тазалық күні" халықаралық акциясы, оқушылар арасындағы "ProEco" байқауы және "ЭкоХаб" ашу жобасы бар. Облыс әкімі Асхат Шахаров тазалық пен абаттандыру жұмыстары тек сенбілік кезінде емес, тұрақты түрде жүргізілуі қажет екенін айтты.Количество показов: 12
Дата создания: 15.09.2026 09:23:43



















