Облыста 5 мыңнан астам адам субсидияланатын жұмыс орындарына орналастырылды
Облыста жыл басынан бері 5 мың 711 адам субсидияланатын жұмыс орындарына орналастырылды. Оның ішінде 2 мың 997 адам қоғамдық жұмысқа тартылса, 1 мың 241 адам жастар тәжірибесі арқылы еңбек жолын бастады. Ал 818 азамат "Күміс жас" жобасына қатысты. Жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту және кәсіби дағдыларын дамыту мақсатында өңірде бірқатар бағдарлама жүзеге асырылып келеді. Мәселен, жастар тәжірибесі жоғары оқу орындары мен колледж түлектеріне мамандығы бойынша алғашқы еңбек тәжірибесін жинауға мүмкіндік береді. Бағдарламаға қатысу мерзімі - 1 жылға дейін. "Күміс жас" жобасы 50 жастан асқан азаматтарды жұмыспен қамтуға бағытталған. Бұл ретте жұмыс берушілерге мемлекет тарапынан жалақының бір бөлігі субсидияланады. Бұдан бөлек, 360 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жолданған. Оның 239-ы оқуын аяқтаса, 221 адам тұрақты жұмысқа орналасқан. Жалпы, жыл басынан бері өңірде 14 мың 380 адам тұрақты жұмысқа бағытталған. Мамандардың айтуынша, мұндай бағдарламалар еңбек нарығындағы сұранысты арттырып, азаматтардың тұрақты табыс табуына мүмкіндік береді.Количество показов: 9
Дата создания: 14.10.2026 09:22:17



















