Облыс бюджетінен бірнеше салаға 2,2 млрд теңге бөлінбек
Облыс бюджеті биыл 2 млрд. 236 млн. теңгеге шығындалғалы отыр. Бұл қаржы әлеуметтік міндеттер, орындалған жұмыстардың ақылары мен коммуналдық шығындарды өтеуге, нысандардың құрылысын аяқтауға жұмсалады. Облыстық мәслихаттың кезектен тыс XXIV сессиясында бұл туралы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлқасима Сүйінтаева мәлімдеді. 1 млрд 175 млн теңгені білім басқармасы сұрап отыр. Бұл қаражат аймақта биыл бой көтеретін 11 мектепті жабдықтауға және балабақшаларда мемлекеттік тапсырыстарды орындауға бағытталған. Облыстық мәслихат депутаты Тәттігүл Талаеваны балабақшаларға берілетін мемлекеттік тапсырыстың ашықтығы алаңдатады. Оған қала әкімі Ілияс Испанов жауап берді.
Шығынның 174 млн. теңгеден көбі облыстық маңызы бар тас жолдарды күрделі және орташа жөндеуден өткізуге бағытталады. Оның 150 млн. теңгесіне Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық, Шұбарқұдық-Ойыл-Қобда тас жолдары орташа жөнделеді. 355 млн. теңгеден көп қаржы қаланың шағын аудандарын абаттандыруға жұмсалады. "Нұр Ақтөбе", Хромтау, Қарғалы аудандарына инженерлік желі тарту да қосымша қаржыны талап етеді. Ол үшін мамандар 220 млн. теңгеге жуық ақша бөлгілері келеді.
Количество показов: 1325
Дата создания: 09.11.2018 18:47:38
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 году и является одной из старейших прогр... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы байырғы хабарлардың бірі. Эфирге 1997 жылд... Подробнее >>