Облыс бюджетіне алғашқы үш айда 211 миллиард теңгеден астам қаржы түсті
Облыстық бюджеттің кірістеріне қатысты қоғамдық тыңдау өтті. Жиында 2024–2026 жылдарға арналған қаржылық жоспар мен оны орындау шаралары қаралды. Бүгінгі кездесуде кірістердің түрлері мен өсу деңгейіне назар қойылды. Аудан, қала, облыс бойынша қаражат көлемдері анықталды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша облыстың шоғырландырылған бюджетіне 734 миллиард теңге түскен. Оның ішінде Ұлттық қорға 110 миллиард теңгеге жуық, республикалық бюджетке 313 миллиард теңге, ал жергілікті бюджетке 310 миллиард теңгеден астам қаржы бағытталған. Есептік кезеңде жергілікті бюджет кірістері 311,3 миллиард теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда өсім 108 пайыздан асқан. Ал 2026 жылдың алғашқы үш айында бюджетке 211,3 миллиард теңге түскен. Оның ішінде 82 миллиард теңгеден көбі жергілікті бюджетке тиесілі. 1 сәуірдегі жағдай бойынша жылдық жоспардың орындалуы 21,6 пайызды құраған. Жалпы, биылғы кіріс жоспары 380 миллиард теңгеден астам қаржы көлемінде бекітілген. Сондай-ақ, бірқатар аудандарда бюджет кірістерінің өсімі байқалса, кей өңірлерде керісінше төмен көрсеткіш тіркелген.Количество показов: 11
Дата создания: 16.04.2026 06:34:34



















