Облыс бюджетіндегі 6 млрд теңгеге жуық қаржы қайта бөлінді
Облыстық мәслихаттың кезекті ХХIV сессиясында атқарылған жұмыстар туралы облыстық мәслихат төрағасы Гүлқасима Сүйінтаева есеп берді. Ол тұрақты комиссиялардың жұмысына, өткен сессиялар мен халықпен байланыс барысына тоқталды. Айтуынша, 2025 жылы 5 сессия өткізіліп, 100 шешім қабылданған. Сондай-ақ, тұрақты комиссиялардың 41 отырысы өтіп, депутаттар тұрғындармен 200-ден астам кездесу ұйымдастырған. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыс бюджеті нақтыланып, 6 млрд теңгеге жуық қаржы қайта бөлінген. Оның ішінде 1,3 млрд теңге даму бюджетіне, ал 4,6 млрд теңге ағымдағы шығыстарға бағытталған. Сонымен қатар, сессияда бірқатар шешімдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Атап айтқанда, елді мекендерді абаттандыру, су ресурстарын пайдалану төлемақысы, орман қорын пайдалану және жасыл желектерді күтіп-ұстау қағидаларына қатысты құжаттар қайта қаралды. Облыстық мәслихат төрағасының айтуынша, қоғамдық көліктер саны толыққан. Сондай-ақ сайлау комиссияларының құрамына, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі, сондай-ақ кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізілді. Сессия соңында тұрғындарды «Таза Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруға белсенді қатысуға шақырып, өңір халқына үндеу жолданды.Количество показов: 13
Дата создания: 01.04.2026 06:41:16



















