Облыс бюджетінің 18 млрд теңгесі қайта бөлінеді
Аймақта бюджет кірістерін ұлғайту және бос қалдықтар есебінен жалпы сомасы 18 млрд теңгеден астам қаржы қайта бөлінеді. Жол құрылысы бойынша 4 жоба жоспарланып, орташа және күрделі жөндеу жұмыстарын атқару көзделген. Бұл туралы бүгін облыстық мәслихат сессиясында облыс әкімінің орынбасары Абзал Әбдікәрімов айтты. 2026–2028 жылдар аралығына арналған облыстық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері қаралды. Қаражаттың негізгі бөлігі даму бюджетіне бағытталып, әлеуметтік нысандар салу, газ және су құбырларының құрылысы, көше жарықтандыру, автомобиль жолдарын қайта салу мен жөндеуге жұмсалады. Сонымен қатар, медициналық жабдықтар сатып алу, санитарлық автокөліктер алу, жаңа мемлекеттік мектептерді ұстау, модульдік пункттермен жабдықтау да жоспарланған. Құрылыс жұмыстарына 3 млрд, автокөлік жолдарына 5,3 млрд теңге қарастырылған. Одан бөлек, энергетика басқармасына 1,3 млдр, ал білім беру саласына 2,2 млрд теңге қаржы бөлінген. Денсаулық сақтау саласы да назардан тыс қалмады. Басқармаға 2,5 млрд теңге, спорт саласына 866 млн, ауыл шаруашылығы 1,7 млрд теңге қарастырылып отыр. Ал, цифрлық технология басқармасына берілгетін қаржы 202 млн теңгені қамтиды.Количество показов: 7
Дата создания: 31.01.2026 08:35:18



















