Қобдадағы түйеқұс шаруашылығы тұралап қалды
Өңірде дәнді-дақылдар мен көкөністерді жинау науқаны толық аяқталды. 390 мың гектарға жуық дәнді-дақылдар алқабы толығымен игерілген. 505 мың тоннадан артық астық жиналған. Енді майлы дақылдарды жинау басталады. Егін жинау 20-қазанға дейін аяқталуы керек. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының мәліметінше, биыл аймаққа 8600 бас ірі қара, 370 бас жылқы мен 2600 бас қой сатып алынған. Барлығы асыл тұқымды. Ірі қаралардың жартысы Ресейден әкелінген. Шаруалар алыс, жақын шет елдерден мал ғана емес, құстар да әкеліп жатыр. Кәсіп ашу үшін. Алайда, шығынға батқандары да бар. Былтыр Қобда ауданының тұрғыны түйеқұс бағуды бастаған еді. Экзотикалық құсты өсіріп, баптауға мемлекеттен несие алған. Одан өзге шаруаға қолдау болмады. Себебі, түйеқұс шаруашылығы үшін субсидия қарастырылмаған. Анығын айтқанда, бұл ерекше құстың еті де, жұмыртқасы да қымбат. Үкіметтегілер ол өз шығынын өзі өтейді деп шешіпті. Бүгін басқарма басшысы Құсайын Сәрсембай кәсіп ашамын деп шығынға ұшырайтын кәсіпкерлер мен болашақ бизнесмендерге кеңес берді.
Количество показов: 1592
Дата создания: 27.09.2017 18:31:52