Қобда ауданындағы егіс алқабы биыл 50 мың гектарға дейін кеңейтілді
--"Б.Е.К." ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің ашылғанына бір жыл ғана болды. Аумағы 5 мың гектарды құрайтын шаруа қожалығының иесі 2500 бас қой, 150 бас жылқы және осынша ірі қара мал өсіріп отыр. Биыл тағы 1000 бас қой мен 200 құлынды бие алу жоспарда бар. Мемлекеттік қолдауға ие болып отырған кооператив алдағы уақытта мал санын екі есе арттырмақ ниетте. Ал, "BS Agro" шаруа қожалығының 7700 гектар жайылым жері бар. Қалған 3500 гектар жер егін алқабына арналған. Облыс әкімі аталмыш шаруа қожалығының көктемгі егіс жұмыстарына соңғы әзірліктермен танысты. Фермерлер биыл 1500 гектар жерге егін егуді жоспарлаған. Облыс әкімі аудан шаруаларының өзекті мәселелерін де тыңдады. Фермерлердің бірі алқаптарына суару жүйесін салуға көмек сұрады. Оңдасын Оразалин жауапты мемлекеттік органдарға бұл мәселені егжей-тегжейлі зерделеуді тапсырды. Сондай-ақ, ол фермерлерге "Бизнестің жол картасы" бағдарламасына қатысуға кеңес беріп, жер мен субсидия беру бойынша барлық қажетті көмек көрсетілетінін айтты.
Количество показов: 1126
Дата создания: 06.05.2022 18:47:20














 
    




 