Қобда ауданында 4 480 шаршы метр тұрғын үй іске қосылды
Қобда ауданының бюджетіне 1 млрд 232,8 млн. теңге түсіп, кіріс бөлігінің жылдық жоспары 93%-ға жуық орындалып отыр. Аудан бюджетінің шығыстары 91,9%, яғни 5 млрд 358 млн.теңгеге орындалып отыр деп мәлімдеді аудан әкімі Ізгілік Тынымгереев бүгінгі өткен брифингте. Аудан басшысы сонымен қатар жасалып жатқан басқа да маңызды жұмыстарға тоқталды. Қобда ауданының әкімі жыл бойы ауданда жасалған жұмыстар туралы есеп берді. Оның ішінде негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 8 млрд 662,4 млн теңге құрап отыр. Ал ауылшаруашылық саласына 4 млрд. 728 млн.теңге инвестиция тартылған. Биыл аудан аймағында 4 480 шаршы метр тұрғын үй іске қосылған. Ал өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі - 878,2 млн.теңге. Одан басқа ауыл шаруашылығы саласының жалпы өнім көлемі 22 млрд 102 млн теңгеге жетті, дейді аудан әкімі. Бөлшек сауда көлемі 3 млрд теңгеден көп. Көтерме сауда 1 млрд 341 млн теңгеге жеткен. Аудан басшысының айтуынша, биыл Бестау, Әлия елді-мекендерінде су жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстары аяқталғпн. Бегалы, Жиренқопа, Қобда ауылдарында жұмыстар әлі жалғасып жатыр, жыл соңына дейін қолданысқа беру жоспарланған. Ауданда тұрғындарды ауыз сумен қамту үлесі 98%. Қобда ауданы бойынша - аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 203,1 шақырымды құрайды. Биыл жол инфрақұрылымын дамытуға облыстық бюджет есебінен 1 млрд. 600 млн. теңге бөлініпті. Сонымен қатар кезекте тұрған тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында 4 үй сатып алынды, тағы қосымша 30 тұрғын үй сатып алуға жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп отыр.Количество показов: 23
Дата создания: 05.11.2025 07:25:40



















