Қоқыс тастаудың да тәртібі бар
Шаһар тазалығы басты назарда. Апта сайын сенбіліктер ұйымдастырылып жатыр. Тұрғындар бірауздан қатысып, қаланың экологиялық жағдайын жақсартуға атсалысуда. Әйтсе де, тазалыққа немқұрайлы қарайтындар да жоқ емес. Мәселен, Махамбет Өтемісұлы көшесіндегі мына көрініске бірнеше ай болды. Тау болып үйіліп тұрған тұрмыстық қалдықтарды жинауға ешкім асығар емес. Құрылыс материалдары, ескірген жиһаз, тіпті сынған техника да жатыр. Тұрғындар күн ысыса бұл жерге шыбын-шіркей жиналады деп қорқып отыр. Өйткені, жасанды полигонға кей азаматтар тамақтың қалдықтарын да тастап кетуге құмар.Осы көшеде тұратын тұрғынның айтуынша, үйінде жөндеу жұмыстарын жасағаннан кейін, адамдар білдірмей қоқыс контейнерінің жанына тастап кетеді. Оны комуналшылар алмайды. Бірақ қоқыс контейнері кестеге сай босатылады.
Қоқыс тастаудың тәртібі бар. Қатты-тұрмыстық қалдықты шығару тарифіне енбейтін ірі габаритті қоқысты әрбір адам өзі шығаруға тиіс. Айта кетейік, өңірде екі айлық сенбілік өтіп жатыр. Шара аясында қала сыртындағы қоқыс полигондары кез-келген қалдықты тегін қабылдап жатыр.
Количество показов: 29
Дата создания: 14.05.2025 08:14:34