Қоқыс тастау мәдениетні қашан үйренеміз?
Ауладағы бұл тұрғындар қоқыс үшін көршілермен араздасып қалатынымыз да рас, дейді. Үйдегі қоқысты шығаруға балаларын жұмсайтындары да бар. Баланың ісі шала, олар кейде тұрмыстық қалдықты жәшікке жеткізбей, лақтырып та кетеді. Сондықтан, ересектер бұған жауапкершілікпен қарау керек, деген пікірде. Қаланың қақ ортасындағы Маресьев көшесіндегі мына қоқыс алаңдарында контейнерлер бос тұр. Аптасына бірнеше рет қоқыс жинайтын арнайы техника келіп, бұл жерді тазартып кетеді екен. Тұрғындар қызмет ұсынушы компанияға өкпеміз жоқ, олар өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарайды деп отыр.Қаладағы қоқыс контейнерлеріндегі тазалыққа жауапты мекемелер алаңның жан жағында шашылып жатқан қоқыстарды да жинап алып кетіп жүрген көрінеді. Ал, ауладағы шашылып жатқан күл қоқысты жинау меншік иелері кооперативтерінің немесе кондоминиум өкілдерінің міндетіне жатады, дейді қызмет ұсынушы компания өкілдері.
Количество показов: 17
Дата создания: 24.07.2025 10:27:49