Оңтүстік-Батыс шағын ауданынының тұрғындары шаң жұтып отыр
Оңтүстік-Батыс шағын ауданында орналасқан Исатай Тайманұлы мен Абыл Тарақұлы көшелерінің қиылысындағы жол мәселесі тұрғындарды әбден қажытқан. Жергілікті халықтың айтуынша, бұл аумақта жыл сайын жөндеу жұмыстары жүргізілгенімен, мәселе түбегейлі шешілмей келеді. Сөздерінше, мердігер компаниялар жиі ауысып, жол қайта-қайта жөнделеді. Көше бойын шаң басып, экологиялық жағдайға да кері әсерін тигізіп отыр. Әсіресе ауыр жүк көліктері тұрғындардың алаңдаушылығын күшейткен. Екі аймақтың арасын жалғайтын жолмен қатынайтын жүк көліктері жолды ойып, асфальтты жарамсыз күйге түсіріп жатыр, дейді тұрғындар. Шағын аудандағы екі көшеде жол жұмыстары жасалған. Қазір тағы басқа көшелерде жалғасып жатыр. Бұл жұмыстар көшенің бойында жыл сайын жүргізіледі. Жол жиектерінде арықтар болмағандықтан су жиналып, тас жолдың сапасына да әсер етуі мүмкін деп алаңдайды тұрғындар. Тілектері - сапалы жұмыс жасалып, көше бойында жыл сайын жүргізілетін құрылыс жұмыстарының тоқтағаны. Қазір жол салып жатқандықтан, кей тұстарда көлік қозғалысы шектелген. Бұл да тұрғындар үшін үлкен мәселе. Шаң-тоңзаң мен жолдағы шектеулердің салдары халықты қажытып болған. Олар жауапты тұлғалардан сапалы жолдар уақытылы салынып, қолайсыздықтар жойылса деп сұрайды.Количество показов: 10
Дата создания: 20.05.2026 06:19:51



















