Оңтүстік-Батыс ауданының тұрғындары жолға зәру
Оңтүстік-Батыс ауданының тұрғындары жолға зәру. Халықтың мұнда тұрып жатқанынына 20 жылдан асса да, мәселе шешілер емес. Жаңбыр жауған күндері үйден қарыс қадам аттап шығу мұң, дейді Исатай Тайманов көшесінің тұрғыны. Тұрғындардың айтуынша жауаптылар жол салып береміз, деп уәде еткен. Дегенмен, тек асфальтты сыпырып алып кеткен, жұмыс аяқсыз қалған. Жол мен жаяу жүргіншілер жолына зәру болған қараша биліктен күдеріміз үзілді, деп отыр. Бұл көшеде қазір көлікпен қоса, жаяу жүрудің өзі мұң. Халықты бұдан бөлек, су мен кәріз жүйесі мәселесі де алаңдатады екен.Тұрғындар жаңбыр жауса балшыққа батып, жаз шықса шаң жұтамыз, дейді. Оңтүстік-Батыс ауданындағы жол құрылысына бірнеше мердігер жауапты. Солардың бірі-"Макс Дорстройсервис-21"серіктестігі. Айтуларынша, биыл тек 6 көшеге асфальт төселмек. Ал жұмыстың кешеуілдеуіне жобаға енгізілген өзгерістер себеп. Оған құрылыс материалдарының қымбаттауын қосыңыз, дейді ұйым өкілі. Аталмыш мердігер компания Оңтүстік батыс тұрғын алабындағы 6 көшенің жолына жауапты. Қазір осы аудандағы 4 көшеде құрылыс жұмыстары жанданды. Исатай Тайманов көшесіне асфальт төсеу 10 күннің ішінде аяқталуы тиіс, деп сендірді.
Количество показов: 33
Дата создания: 04.06.2025 13:04:35