Оңтүстік Батыс ауданындағы И.Тайманов көшесінде жол құрылысы жұмыстары толық аяқталды ма?
Ең көп сынға ұшырайтын және бірнеше жылдарға созылып кеткен Исатай Тайманов көшесінде жол жөндеу жұмыстары жүргізілген. Алайда тұрғындардың бұл жұмыстарға көңілдері көншімей отыр. Айтуларынша, жұмыс әлі толық аяқталмаған. Бордюрлер орнатылмаған, кейбір жол учаскелерінің сапасына да қатысты сын көп. Оңтүстік-Батыс шағын ауданындағы Исатай Тайманов көшесінің бойында көлік жолдары тегістеліп, асфальт төселген. Ұзақ уақыт бойы аяқталмай тұрған жол құрылысы бүгінде ретке келтірілген. Дегенмен құрылыс жұмыстарының толық аяқталмағанын байқауға болады. Көше бойынан мердігерлер мен арнайы техникалар көрінбейді. Тұрғындардың айтуынша, ендігі жоспар бойынша бордюрлер орнатылуы тиіс. Олар "бұл асфальт жабынының бірінші қабаты ғана, әлі де жұмыс жүргізілуі керек", - деген пікірлерін білдірді. Жергілікті тұрғындардың сөзінше, ұзақ уақыт бойы қозғалыссыз тұрған арнайы техникалар соңғы күндері ғана жұмысын қайта жандандырған. Соған қарамастан, Тайманов көшесінің қиылысындағы жолдың жағдайы әлі де аяқсыз күйінде қалып отыр, дейді тұрғындар. Олар бұл көшемен ғана шектелмей, осы аудандағы басқа көшелердің де жөндеуді қажет ететінін айтады.Количество показов: 6
Дата создания: 05.08.2026 06:38:49



















