Оңтүстік батыс ауданы жолдарының жыры бітпей отыр
Оңтүстік Батыс шағын ауданы тұрғындары көше жолдарына көңілдері толмайтынын айтады. Олардың сөзінше, көшелердің басым бөлігіндегі асфальт әбден тозып, жолдар шұрық-тесікке айналған. Бірнеше жылдан бері жөнделіп жатқан Тайманов көшесіндегі жұмыстардың да соңы көрінбейді. Бұзылған тротуарлар мен ойдым-ойдым жолдар тұрғындардың күнделікті жүріп-тұруын қиындатқан. Ал жаңбырлы күндері көшелерді лай-батпақ басып, жағдай одан сайын күрделене түседі. Халық жауапты мекемелерден мәселені созбалаңға салмай, аудан инфрақұрылымын ретке келтіруді талап етеді. Шұрық-тесік жол, аяқталмай жатқан жөндеу және лай-батпаққа айналған көшелер. Аудан тұрғындары билік тарапынан жылдар бойы созылып келе жатқан уәдеден шаршадық,- дейді. Олардың айтуынша, Тайманов көшесі бірнеше жылдан бері жөнделгенімен, жұмыс әлі аяқталмаған. Көктем мен күзде балшық, жазда көк шаң. Терезені ашып қою, кешкі салқынмен жаяу серуендеу дегенді ұмыттық деп налиды жұрт. Айта кетейік, бұл ауданда жол жөндеу жұмыстары екі жыл бұрын басталған. Жобаның жалпы құны- 7,7 млрд теңге. Алайда бұл соманың тек 1 млрды ғана игеріліпті. Барлығы 22 көше қамтылуы тиіс. Қазір 7 көше ғана дайын. Оның өзінде кемшілік көп,- дейді тұрғындар.Количество показов: 9
Дата создания: 06.06.2026 02:22:10



















