О.Кошевой көшесінің тұрғындары үй кезегіне тұра алмай жүр
Олег Кошевой көшесіндегі бірнеше көпқабатты үй 2023 жылы апаттық жағдайда деп танылған. Баспанада тұру мүмкін емес. Еш жағдайы жоқ. Тұрғындар баспаналары апатты деп танылса да жарты жылға жуық уақыттан бері үй кезегіне тұра алмай жүр. Солардың бірі - Ерік Әбдірахманов. Отбасымен 18 шаршы метрлік бір бөлмеде тұрады. Айтуларынша, бүгінге дейн бірнеше мекемеменің табалдырығын тоздырып, әлі нақты жауап ала алмаған. Тұрғындардың сөзіне сүйенсек, жауапты мамандардың тұрғындарды бір-біріне сілтеп, допша домалатуы жағдайды ушықтыра түскен. Ал уақыт өткен сайын көп қабатты тұрғын үйде тұру қауіпті дейді тұрғындар.Олег Кошевой көшесіндегі апатты үйлердің тұрғындары биліктен бұл мәселені созбай, нақты шешім қабылдауды талап етіп отыр. Ал, баспанамыз ортасынан түспей тұрғанда шешім шықса дейді. Биыл 24 мамырдан бастап елде барлық жаңа өтініштерді тек “Отбасы банк” қабылдайды. orken.otbasybank.kz порталысна электронды цифрлық қолтаңба арқылы тіркеледі.
Количество показов: 20
Дата создания: 19.08.2025 07:51:58