Қоғамдық кеңесте жасөспірімдер қылмысы төмендеген
Өңірде 18 жасқа дейінгі балалар облыс халқының үштен бірін құрайды. Ол дегеніміз 330 мыңнан астам бала. Өткен жылы өңірде жасөспірімдермен жасалған қылмыс 45,8 пайызға өскен. Жағдайды алдын алу барысында ПД, Білім басқармасы тағы да басқа жауапты сала мамандары профилактикалық шаралар мен алдын алу шараларын күшейткен. Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықты азайту мақсатында жыл басынан бері өңірде түрлі профилактикалық шаралар ұйымдастырылды. Түнгі рейдтер барысында 5 мыңнан астам жасөспірім полиция бөлімшелеріне жеткізіліп, ата-аналар әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш төмендеген. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде биылғы жартыжылдықта жасөспірімдер жасаған қылмыстар саны 20,3 пайызға азайыпты. Құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында мектептерде "Ата-аналар кезекшілігі" мен "Заң және тәртіп" пилоттық жобалары енгізілген. Сонымен қатар ерекше назарды қажет ететін балаларды ерте анықтау жүйесі іске қосылып, тәуекел тобындағы жасөспірімдер тұрақты бақылауға алынған. Жасанды интеллект негізіндегі "Талдау-Қолдау-Бақылау" жобасы да енгізіліпті. Бұл жүйе әлеуметтік желілердегі ашық жарияланымдарды талдап, буллинг, суицид қаупі, зорлық-зомбылық пен өзге де тәуекелдерді анықтауға көмектеседі,- дейді жауаптылар. Бүгінде облыста жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 762 бала есепте тұр,- деді білім басқармасының басшысы. Олардың басым бөлігі қорғаншылық пен қамқоршылыққа берілген. Ал жыл басынан бері осындай 124 отбасының тұрмыстық жағдайы зерделеніп, анықталған мәселелер бойынша тиісті қолдау көрсетілген.Количество показов: 9
Дата создания: 30.07.2026 02:22:28



















