Қоғамдық кеңес пен Экономикалық терген-тексеру департаменті өзара меморандумға қол қойды
Қаламызда өткен іс шарада мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған тағы бір маңызды құжатқа қол қойылды. Облыстық Қоғамдық кеңес пен Экономикалық тергеп-тексеру департаменті бірлесіп, алғаш рет ынтымақтастық туралы меморандум жасасты. Өңірде мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған құжатқа қол қойылды. Аталған құжат екі тараптың өзара іс-қимылын күшейтіп, жұмыс сапасын арттыруға бағытталған. Меморандумға облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының міндетін атқарушы Алмаз Джулаев пен облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Тәттігүл Талаева қол қойды. Құжат аясында тараптар алдымен қаражаттың дұрыс пайдаланылуын, оның ішінде әлеуметтік нысандардың құрылысына бөлінетін қаражатты бақылау, құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ қоғамдық бақылауды дамыту бағытында бірлескен жұмыстар жүргізеді. Сонымен қатар, ақпарат алмасу, ортақ іс-шаралар ұйымдастыру және қоғаммен байланысты нығайту көзделген. Айта кетейік, мұндай меморандумдар облыстық Қоғамдық кеңестің бастамасымен өңірдегі мемлекеттік органдармен өзара ынтымақтастықты дамыту мақсатында кезең-кезеңімен жасалып келеді,- дейді жауаптылар.Количество показов: 10
Дата создания: 17.07.2026 09:25:09



















