Қоғамдық көмекшілер қатарға қосылды
Қоғамдық көмекші — қоғамға, адамдарға немесе белгілі бір ұйымға ерікті түрде көмектесетін адам. Ол мемлекеттік мекемелерге, қоғамдық ұйымдарға, ардагерлер кеңесіне, жастар ұйымдарына немесе полиция қызметіне көмектерін көрсетеді. Көп жағдайда қоғамдық көмекшілер жұмысты ерікті негізде атқарады. Ал бүгінгі шараға жиналған жастар - қоғамға адал қызмет етуге дайын. Ақнұр Сағынтай - Ақтөбе гуманитарлық колледжінің екінші курс студенті. Сабақтан кейін боспын, уақытымды құр өткізбес үшін қоғамдық көмекші болып жұмыс жасап көргім келеді. Тәртіп сақшыларымен бірге, рейдке шығып, қаламызда болатын заңбұзушылықтың алдын алуға сәл де болса көмегім тисе,-дейді студент. Бүгінгі шараға шаһардың тәртібіне алаңдайтын 30-ға жуық жас қатысты. Олардың ерікті істеріне қаражат төлеу де қарастырылған. Қоғамдық көмекшілер тәртіп сақшыларымен бірге түнгі 21:00-ден кейін қала көшелеріндегі құқықбұзушылықтар, ойын клубтарында жүрген кәмелетке толмаған балаларды анықтап, дүкендерде түннен бастап алкаголь сусындарын сатылмауды қадағалайды. Шара ұйымдастырушыларының айтуынша, қоғамдық өмірге араласып, пайдасын тигізем деуші жастар күн сайын көбейіп келеді. Олар түрлі іс-шара ұйымдастыруға қатысады, халықпен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, қарттарға, мұқтаж адамдарға көмектеседі, қоғамдық тәртіпті сақтауға жәрдемдеседі.Количество показов: 6
Дата создания: 15.05.2026 06:56:56



















