Қоғамдық көліктер жаңа электробустармен толығады
Қала тұрғындарының саны жыл санап көбейіп келеді. Жаңа құрылыс, үйлер, көшіп келіп жатқандар бар, жаңа аудандар пайда болып жатыр. Әрине, жаңа қоғамдық көліктердің де қосылуы тұрғындардың көңілінен шығады. "Qala trans" серіктестігі өз паркін ауқымды түрде жаңартуға кірісті. Кәсіпорын 37 заманауи электробус сатып алды. Бүгінде жаңа техниканың алғашқы бірлігі шаһарға келді, қалған автобустар енді жеткізіледі,- деді серіктестік басшысы. Жаңа электробустар тұрғындарды жайлы тасымалдау үшін толықтай бейімделген. Алғашқы келген автобус моделі 24 отыратын орынға есептелген. Көлік жолаушының жүріп-тұруы шектеулі топтарының қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жылжымалы пандустармен жабдықталған. Ал салондарда ауа баптау жүйелері мен бейнебақылау камералары орнатылырты. Паркті жаңарту Өнеркәсіпті дамыту қорының қолдауымен жүзеге асырылуда. Электробустар жоғары автономдылығымен ерекшеленеді. Яғни, бір рет қуатталған көлік 500 шақырымға дейін жүре алады. Бұл қалалық маршруттар бойынша орташа күндік жүрістен 250–300 шақырымға едәуір артық екенін атап өтті серіктестік басшысы. Техникаға қызмет көрсету үшін кәсіпорын базасында арнайы зарядтау станциялары орнатылған. АЛ, жаңа автобустар шығатын нақты бағыттарды анықтау үшін жолаушылар пікірі сұралып жатыр. Айта кетейік, «Qala trans» серіктестігі шаһарымыздағы жетекші жолаушы тасымалдаушылардың бірі. Қазіргі уақытта компания 10 тұрақты қалалық маршрутқа қызмет көрсетеді. Жаңа жеткізілімді есепке алғанда, кәсіпорынның автопаркінде шамамен 115 техника бар.Количество показов: 5
Дата создания: 22.01.2026 01:03:02



















