Қоғамдық көлік апатқа ұшырады
Бүгін таңда 312 атқыштар дивизиясы мен К.Нокин даңғылдарының қиылысында №19-шы бағытты жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысты. №19 бағыттағы қоғамдық көліктің жүргізушісі жол ережесін бұзған. Ол бағдаршамның қызыл түсі жанған кезде жолды кесіп өтпек болған. Салдарынан «Toyota Fortuner» маркалы көлік бағытын өзгертіп, «Ваз-21074» маркалы автокөлікпен соқтығысты. Автобус ішінде жолаушы болмады. Жол апаты салдарынан «Toyota Fortuner» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы, автобус жүргізушісі облыстық жедел жәрдем ауруханасына жіберілді», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.Количество показов: 760
Дата создания: 10.03.2021 19:42:34



















