Қоғамдық қабылдауда бірқатар әлеуметтік мәселелер шешімін тапты
56 жастағы Игілік Оралов қоғамдық қабылдауға келінін ерте келді. 2003 жылы Ақтөбеге қоныс аударған Нигара Оралова арада 13 жыл өткенімен әлі күнге дейін уақытша төлқұжатпен жүр. Ол азаматтық алмаған. Оралман куәлігі де жоқ. Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы бұл мәселе қоғамдық қабылдау мүшелеріне де таныс болып шықты. Нигара Ораловаға Қазақстан азаматтығын беру мәселесі бір апта ішінде шешілетін болды. Игілік Оралов сондай-ақ өзінің жұмысыз жүргенін, бірнеше несиені төлей алмай қиналып жүргенін айтты. Ол бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысқан, жұмысқа орналастыру агенттіктерінің көмегіне жүгінген.Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне бір апта уақыт берілді. Осы уақытта жұмыс ұсынылып, мұқтаж жанға көмек берілуі қажет.
Қоғамдық қабылдауға келген Хромтау ауданының тұрғыны Жансерік Рахимов әскерге кетпес бұрын темір жол саласында жұмыс істеген екен. Отан алдындағы борышын өтеп келгенше, жұмыс орны сақталмаған. Қазір жас жігіт екі қолға бір күрек таппай, сенделіп жүр. «Нұр Отан» партиясы республикалық қоғамдық қабылдау өкілі Арыстанғали Сансызбаевтың айтуынша, 23 жастағы теміржолшының бар мәселесі шешіліп, ол бірер күнде жұмысына қайта кірісетін болды.
Количество показов: 1728
Дата создания: 21.11.2016 18:55:14
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>