Қоғам белсенділері экология министріне өңірдегі мәселелерді жеткізді
Қоғам белсендісі Естай Жайлыбайұлы "АЭС салу жобасы халықтың келісімі арқылы жүзеге асырылады, тіпті референдум өтуі де мүмкін" деген мемлекет басшысының осыдан 3 жыл бұрынғы айтқан сөзін еске салды. Ал, қазір Үкімет бұл істі асығыс қолға ала бастаған сыңайлы, дейді ол. Дегенмен министр ғылыми зерттеулерге сүйеніп, АЭС- бірқатар экологиялық мәселерді шешуге көмектеседі дегенді айтып қалды. Көмір станцияларының орнын атом электр станциясы алмастырса, ауаға шығатын лас қалдық көлемі бірнеше есеге азаяды, дейді Серікқали Брекешов. Ал облыс әкімінің орынбасары Жақсығали Иманқұлов Ойыл мен Жем өзендерінің табанын тазарту жұмыстары да кезек күттірмейтін мәселе екенін алға тартты. Облыста 19 елді мекенді құмнан тазарту жобасы бекітілген. Мұндай жұмыстар үшін еліміз бойынша арнайы бағдарлама керек. Өйткені бір ауылдың өзін құмнан тазалауға 250 млн теңгеге дейін қаражат қажет болып тұр, деді облыс әкімінің орынбасары.
Количество показов: 823
Дата создания: 24.06.2022 20:00:46














 
    




 