Нокин елді-мекенінде жаңа спорт кешені ашылды
Республика күніне орай қаламыздың К.Нокин елді-мекенінде жаңа спорт кешені ашылды. Салтанатты шараға спортшылар, ауыл тұрғындары мен ақсақалдары қатысты. Жаңа спорттық кешенінде бір мезгілде 50-ден 200 балаға дейін 5 спорт түрінен шұғылдана алады. Енді ауыл балалары волейбол, грек-рим, дзюдо, самбо, қазақша күрестерді және тоғызқұмалақты меңгеретін болады. Спортты серік еткен елдімекен жастары енді қала орталығына қатынамай, жақын аумақтағы жаңа үлгіде бой көтерген нысанда шұғылданады. Оларға волейбол, грек-рим күресі, дзюдо, самбо және тоғызқұмалақты меңгеруге барлық жағдай жасалған. Жастар – елдің ертеңі. Олардың амандығы мемлекеттің саулығы. Сондықтан олардың бос уақытын құр өткізбей, спортқа баулуда үлкен мән бар,-дейді ардагер жаттықтырушы. Бүгінгі жастардың спортқа деген бетбұрысы қуантады. Жастар арасында спортпен шұғылданып, белсенді өмір салтын ұстанатындар саны артып келеді. Жасөспірімдер "физикалық және психикалық саулықтың кепілі спортпен жүйелі шұғылдану керек" дегенді түсінгенінің өзі құнды. Спортпен айналысып қана қоймай, елімізді әлемге танытып жүрген өрендер де бар. Жаңа спорт кешенінің ашылуы - ауыл жастарының спортқа деген қызығушылығын арттырып, олардың денсаулығын нығайтуға, қабілеттерін шыңдауға зор мүмкіндік туғызады,- дейді ұйымдастырушылар. Мұнда болашақ чемпиондар жаттығып, өз армандарын жүзеге асыратын игі ордаға айналарына да сенімдері мол.Количество показов: 25
Дата создания: 24.10.2025 08:12:55



















