Нокин даңғылында көлік қозғалысына өзгерістер енгізілді
Нокин даңғылында көлік қозғалысына өзгерістер енгізілді. Бұл даңғылмен бұдан былай шаһардың орталығына жүк көліктері кіре алмайды. Қалалық әкімшілік полиция басқармасының ақпаратына сәйкес, аталған даңғылда көлік кептелісін болдырмау мақсатында Кірпішті ауылы, Қарғалы, Заречный елді мекендерінен жүйткіген көліктердің енді Жүргенов көшесіне қарай бұрылуына тыйым салынады. Екі жолақты жолмен тек тіке жүруге рұқсат етіледі. Даңғылдағы өзгерістерге жүргізушілер толықтай үйреніскенше жол полициясы қызметкерлері ереже бұзғандарға ескерту ғана береді. Бүгін даңғылда жол патрульдік полициясының қызметкерлері кезекшілікте тұр. Сондай-ақ, 312-ші атқыштар дивизиясы даңғылында жүк көліктерінің қозғалысына тыйым салатын жол белгісі алынып тасталды. Яғни бұл көшемен транзиттік көлік құралдары, жүк көліктері жүре алады. Количество показов: 758
Дата создания: 20.05.2021 19:39:11



















