Нипах вирусы қауіпті ме?
Үндістанда Нипах вирусы таралып жатыр. Елдегі жағдай тұрақты деп хабарлады BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда бұл инфекцияны жұқтыру деректері де, оны сырттан әкелу фактілері де тіркелмеген. Қала тұрғындары короновирус кезін дегі жағдайларды еске алып, дәріханалардың дайындығын пысықтау қажет деген пікірде. Қыс басталысымен халық арасында тұмау жиі тіркелді. Қазір тұмаумен қатар өзге де вирустық инфекциялар жөнінде де сөз қозғалуда. Жуырда Үндістанда Нипах вирусы тарады. Соған байланысты эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына орай мемлекеттік шекара арқылы өтетін барлық өткізу пункттерінде санитариялық-карантиндік бақылау күшейтілген. Денсаулық сақтау министрлігі елімізде Нипах вирусын жұқтыру жағдайлары анықталған жоқ, қазіргі таңда республикадағы эпидемиологиялық ахуал қалыпты деп хабарлады. Ал тұрғындар арасында инфекциялық вирусты түсінбей жатқандар да бар. Қала тұрғындары дәріханаларда барлық қажетті дәрі-дәрмектер мен антисептик, бетперде тағы да басқа ауруды алдын алу үшін керек емдік заттар табылады дейді. Медициналық ұйымдар дайындық режимінде, жедел жәрдем бригадалары мен инфекциялық стационарлардың әзірлігі қамтамасыз етілген. Сондай-ақ дәрі-дәрмек, жеке қорғану құралдары мен дезинфекциялық қорлардың жеткілікті қоры қарастырылған деп мәлімдеді мамандар. Нипах вирусы дене қызуының көтерілуі, бас ауруы, әлсіздік белгілері арқылы көрінеді. Ауыр жағдайларда орталық жүйке жүйесі зақымданып, пневмония дамуы мүмкін. Сондықтан мамандар елдерге сапар шегуді жоспарлаған азаматтарға жеке профилактикалық шараларды қатаң сақтауға шақырады. Айта кетейік, Нипах вирусы - жануарлардан адамға жұғатын қауіпті инфекция. Қазіргі уақытта оған қарсы арнайы ем де, вакцина да жоқ.Количество показов: 5
Дата создания: 27.01.2026 06:15:11



















