Немересін зорлаған өгей ата сотталды
Өгей ата немересіне жасаған ауыр қылмысы үшін түпкілікті 21 жылға бас бостандығынан айырылды. Ойыл ауданында 14 жастағы немересін зорлап, жүкті қылған 64 жастағы зейнеткерге қатысты сот үкімі шықты. Іс облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта Қылмыстық кодекстің «Зорлау» және «Он алты жасқа толмаған адамдарды азғындық жолға түсіру» баптары бойынша қаралды. Жоғарыда аталған баптар бойынша сотталушыға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Алайда, үкім шығарарда судья оның зейнеткер екенін ескерді. Естеріңізге салайық, Ойыл ауданында нағашы әжесінің қолында тәрбиеленіп жатқан жасөспірімді өгей атасы зорлап, жүкті қылған. Ол былтыр босанып, ұлды болды. Үш рет медициналық тексерістен өтсе де, мамандар жүктілігін байқамаған. Әкесі мен анасы ажырасқан. Жасөспірім босанғаннан кейін әжесі көп ұзамай көлік апатынан көз жұмды. Қазір сәби балалар үйіне орналастырылып, жас ана оқуын облыс орталығында жалғастырып жатыр.Количество показов: 6
Дата создания: 05.02.2026 05:45:50



















