"Нектар" ӨК: Құрылыстың сапасы мен мерзімі басты назарда болуы керек
"Нектар" құрылыс компаниясы Алтын Орда ауданы құрылысының негізін қалаушы болып табылады. Компания аталмыш шағын ауданда 2013 жылдан бері 12 жыл ішінде 68 үй салып үлгерген. 70-ке жуық тұрғын үй мен әлеуметтік нысанды салып, мыңдаған отбасының баспаналы болуына сеп болды. Бүгінде компания Ақтөбе қаласының түрлі аудандарында заманауи үлгідегі көппәтерлі үйлерді салып жатыр.Компания жобаларына қажетті сапалы материалдарды көбіне шет елден алдыртады. Сәйкесінше келетін құралдарды айлап күтеді. Оларға жобаның тез аяқталғаны емес, қауіпсіздік пен ұзақ мерзімді кепілдік маңызды болса керек. Жалпы, құрылыс компаниясы алғашқы үйін 2004 жылы салған. Содан бері 4378 пәтер тапсырыпты. Компания кеңсесі Ақтөбенің орталығында орналасқан. Мамандар пәтер таңдау мен кеңес беруге дайын.Алдымызда келе жатқан тамыз айының екінші жексенбісі құрылысшылар күні. Қаланың көркіне үлес қосып жүрген қызметкерердің кәсіби мерекесі. Олар салып жатқан жатқан кешендер толық инфрақұрылыммен жабдықталған. Кең аулалар, балалар алаңдары, автотұрақтар тұрғындардың жайлы өмір сүруі үшін жасалған. Жаңадан бой көтерген ықшам аудандар, жайлы баспаналар мен заманауи инфрақұрылым – осының бәрі құрылысшылардың маңдай тері мен тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Қоғам үшін маңызы зор әлеуметтік нысандар мен заманауи тұрғын үйлер – еңбектің жемісі. Әрбір іргетас, әрбір қабырға – олардың маңдай терінің айғағы.Количество показов: 23
Дата создания: 31.07.2025 09:04:56