Өндірістік жарақат алғандар саны азаймай тұр
Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында өңір кәсіпорындарында 25 жазатайым оқиға тіркелген. Салдарынан 26 адам зардап шеккен. Мемлекеттік еңбек инспекторының айтуынша, бұл өткен жылмен салыстырғанда 18,2 пайызға көп. Дегенмен аталған кезеңде өліммен аяқталған оқиғалар тіркелмеген. Мамандар жазатайым оқиғалардың негізгі себебі адами фактор болып табылатынын жеткізді. Оның ішінде қауіпсіздік талаптарын сақтамау, тәуекелдерді дұрыс бағаламау және жұмыс процесіндегі қателіктер жатады. Қазіргі таңда өндірістік жарақаттануды азайту үшін өңірде бірқатар жобалар жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда, Vision Zero тұжырымдамасы, "Халықтық бақылау" жобасы және өндірістегі бақылау жүйелері енгізілуде. Сонымен қатар, кәсіпорындарда еңбекті қорғаудың халықаралық стандарттары кеңінен қолданылып келеді. Бүгінде облыста 900-ден астам өндірістік кеңес жұмыс істеп, 1500-ден астам техникалық инспектор еңбек қауіпсіздігін бақылауда.Количество показов: 7
Дата создания: 29.04.2026 04:23:09



















