"Nauryz sale" мерекелік акциясы басталады
Қаладағы ірі сауда орталықтарында 10-70 пайыз арасында бірқатар акция ұйымдастырылған. Атап айтқанда, "Дина", "Анвар", "Нұрдәулет", "Керуен сити", "Shopping center", "Мега Шығыс" сауда үйлері акцияға қосылады. Жеңілдіктер 13 наурыздан басталып, 10 күн бойы жүргізіледі. Бұл "Nauryz sale" республикалық мерекелік акция аясында іске аспақ. Жеңілдіктер азық-түліктер мен тұрмыстық заттарға, киім-кешектерге қатысты болып табылады. Акция барысында "Дина" сауда орталығында күріш, шай, тәттілер, тағы да басқа азық-түлік тауарлары қамтылады. Наурыз мерекесі аясында сауда нысанының іші әрленіп, көркемделген. Кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы Досжан Әлібеков осындай жобалар жыл сайын іске асып тұратынын айтты. Алдағы уақытта да мерекелік шаралар аясында бірқатар жеңілдіктер жасалатынын жеткізді. Сонымен қатар, сауда нысандарында келушілерге ерекше көңіл-күй сыйлау үшін мерекелік интерактивті бағдарламалар да қарастырылған. Ұлттық нақыштағы фотозоналарды "Керуен сити" сауда алабында орналастыру көзделген.Количество показов: 7
Дата создания: 13.03.2026 08:01:54



















