Наурыз мейрамында шаһарда 52 киіз үй тігіледі
Ақтөбеде наурыз айындағы мерекелік шараларға дайындық басталды. Алғыс айту күні, Халықаралық әйелдер күні және Наурыз мейрамына арналған іс-шаралар жоспары нақтыланды. 1 наурыз - Алғыс айту күніне 370 мәдени және қоғамдық шара ұйымдастыру көзделген. Жастар арасында TED форматында "Алғыс story" storytelling battle өтеді. Сондай-ақ концерттер мен көрмелер жоспарланған. Ал, 8 наурызда "Әйел - әлем" мерекелік бағдарламасы аясында қоғам мен өңірдің дамуына үлес қосқан әйелдер марапатталады. Алтынай Юнисованың айтуынша, облыс көлемінде 400-ден аса іс-шаралар өткізіледі. Наурыз мерекесі 14 наурыздан басталады. 22 наурызда орталық алаңда "Наурыз - жарқын жыл басы" атты халықтық серуен және ұлтық ойындар, мерекелік концерт жоспарланған. Облыс орталығында 26 алаң 52 киіз үй тігіледі. 22 наурызда облыстағы мәдениет көрмелерінде халықтық серуендер мен сахналық қойылымдар өтіп, ұлттық дәстүрді насихаттауға арналған бағдарламалар ұйымдастыру көзделіп отыр. Осының аясында қала әкімі Азамат Бекет шаһардағы жоспарланған іс-шараларға тоқталды. Мерекелік алаңдарға кәсіпорындар, оқу орындары, мәдениет және спорт мерекелері тартылып, санитарлық тазалық пен абаттандыруға ерекше назар аударылады. Жалпы, облыс бойынша 2400-ден астам мәдени-көпшілік шара жоспарланған.Количество показов: 5
Дата создания: 25.02.2026 07:44:18



















