«Нүр Ғасыр» мешітіне ерекше сәндегі шам ілінді
Қасиетті Рамазан айы қалада ерекше жаңалықпен басталды. "Нұр Ғасыр" облыстық орталық мешітіне 17 жылдан кейін алғаш рет қазақы нақыштағы бірегей аспалы шам орнатылды. Шам ерекше сәндегі «Қазақтың шаңырағы» бейнесінде жасалған. Бұл - еліміздегі мешіттер арасындағы қазақы нақыштағы алғашқы аспалы шам, дейді облыстың бас имамы Амантай Садиев. Түрік елінің мамандары арнайы тапсырыспен бір ай ішінде әзірлеген шамның диаметрі - 8 метр, салмағы - 350 келі. Қазақы өрнекпен көмкерілген шамға 10 миллион теңге қаражат жұмсалған. Жексенбай Торбаевтың айтуынша, былтыр мешіттің кілемі де жаңартылған. Бұл жаңарту мешіт ашылғаннан бергі 17 жыл ішінде алғаш рет жүзеге асырылып отыр. Қасиетті Рамазан айы мұсылман қауым үшін - рухани тазару, сабыр мен мейірім айы. Дін мамандары Рамазан айының басты мақсаты - тақуалық пен ізгілік екенін айтады. Бұл уақытта қайырымдылық шаралары жиілеп, мұқтаж жандарға көмек көрсету дәстүрі жанданады. Сонымен қатар, ораза адамның денсаулығына да оң әсер ететіні айтылып жүр. Алайда мамандар оразаны денсаулық жағдайына қарай ұстауға кеңес береді. Көпшілік бұл айды ерекше дайындықпен қарсы алады. Үйде ауызашар дастарханы жайылып, мешіттерде жамағат көбейеді. Қала тұрғындарының да біразы ораза ұстап, Рамазан айының алғашқы күндерін ерекше сезіммен күтіп алып жатқандығын жеткізді. Осылайша, Рамазан айы тұрғындарды сабыр мен сауапқа үндеп, қайырымдылық пен бірлікке шақыруда. Қасиетті ай - жүректерге жылу сыйлайтын, адамдарды бірлікке шақыратын ерекше кезең.Количество показов: 12
Дата создания: 20.02.2026 07:07:37



















