"Нұр Ақтөбе" ауданын шырайгүлдер көмкереді
Шырайгүл жылу және жарық сүйгіш өсімдік. Күтім талғамайды. Оның үстіне ұзақ гүлдеп тұрады. Сондықтан шырайгүлдермен қала гүлзарларын, жол жиектерін, саябақ, үй аулаларын безендіру тиімді, әрі сәнді. Көшеттер тәлімбақтардан сатып алынбаған. Мектептің ішінде пластик ыдыстарға тұқым салу арқылы егілген. Шырайгүлдің әр түбі шамамен 50 теңге дейтін болсақ, 15 мың түпті өздері екпей, сатып алар болса, 750 мың теңге қажет болар еді. Осылайша мектеп үлкен қаржыны үнемдеді. Есесіне балалар топырақпен жұмыс жасап, тұқым салып, гүл отырғызуды үйренді. Жыл бойы баптаған өсімдіктерді аулаға өз қолдарымен отырғызып жатыр. Мектеп ауласының аумағы 4 гектар. 7 секторға бөлінген. Әр секторға жауапты сыныптар, мұғалімдер, директордың орынбасарлары және мектептің жұмысшылары бар. Секторлар арасындағы бәсекелестік мықты. Оқушылар ауладағы 100-ден астам тал мен гүлдерді таласа жүріп, баптайды.
Количество показов: 1812
Дата создания: 10.05.2018 19:34:16