Микро және шағын бизнес субъектілеріне талап жеңілдетілді
2026 жылдың 1 қаңтарына дейінгі салық кезеңдері бойынша жалпы тексерулер жүргізілмейді. Бұл кәсіпкерлерге қысым көрсетпеу және жаңа жүйеге бейімделуге уақыт беру үшін жасалып отыр. Жаңа салық кодексіне көшу кезеңін жеңілдету мақсатында микро және шағын бизнес субъектілері үшін бірқатар талаптар жұмсартылды. Салық берешегін уақытында өтеген жағдайда өсімпұлдар мен айыппұлдар есептен шығарылады. Бұл бизнесті «таза парақтан» бастауға мүмкіндік. Камералдық бақылау да шектеледі. Яғни бұрын тапсырылған есептер бойынша қосымша тексерістер көп жағдайда жүргізілмейді. Тағы бір маңызды өзгеріс әкімшілік жауапкершіліктің бір бөлігі тоқтатылады. Мәселен, есепті уақытында тапсырмаған немесе қосымша құн салығы бойынша тіркелмеген кәсіпкерлерге қатысты істер қозғалмайды. Мамандардың айтуынша, бұл шаралар кәсіпкерлердің жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, экономиканың дамуына серпін береді.Количество показов: 14
Дата создания: 18.03.2026 06:11:11



















