Мейірбикелердің кәсіби мүмкіндіктері артып келеді
Бүгін - Дүниежүзілік мейірбике күні. Осыған орай, қалалық мәдениет үйінде халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шараға 300 мейірбике қатысты. Қоғамда мейіргерлердің рөлі артып келеді. Бүгінде қауымдастық құрамында 5 мыңға жуық мейіргер бар. Конференция барысында мейіргерлердің цифрлық технологияларды меңгеруі, кеңейтілген мейіргерлік практика және дербес қабылдау жүргізу мәселелері талқыланды. Мамандардың айтуынша, елімізде үздік тәжірибе орталықтары ашылып, медицина саласының орта буын өкілдерініңі кәсіби мүмкіндіктері артып келеді. Қалада аталған орталықтар №3 қалалық емхана мен М.Оспанов атындағы БҚМУ жанындағы отбасылық медицина клиникасында жұмыс істейді. Бүгінгі шараға қатысушылар арасында медицина саласында еңбек етіп келе жатқан мейірбике Айдана Жексенбаева да бар. Ол облыстық клиникалық инфекциялық жұқпалы аурулар емханасында 2 жылдан астам уақыт қызмет атқарады. Адамдарға көмектесу - әр адамның парызы. Маман қызметі арқылы мұқтаж жандарға көмек көрсетуді мақсат тұтады. "Болашақта шет елдерде біліктілігімді арттырып, өзге мемлекеттерде оқуым мен жұмысымды жалғастырғым келеді",- дейді. Қазір ағылшын тілін жетілдіріп жүр. Мамандардың сөзінше, кеңейтілген мейіргерлік практика пациенттер кезегін азайтып, шешім қабылдау үдерісін жеделдетуге мүмкіндік береді. Цифрлық сауаттылық мейіргерлер жұмысының тиімділігін арттырып, медициналық қызмет сапасын жақсартуға ықпал етеді. Ал, бүгінгі дата мейірбике ісінің негізін қалаушы Флоренс Найтингейлдің туған күніне орай атап өтіледі. 1971 жылы Дүниежүзілік мейірбике кеңесінің ұйғарымымен басталған.Количество показов: 6
Дата создания: 13.05.2026 06:13:48



















