Мейірбикелер сайысы
12 мамыр- денсаулық жанашырларының мерекесі. Дәлірек айтқанда Халықаралық мейірбикелер күні. Бар мейірімін науқастарға да отбасына да беріп үлгеріп жүрген мейірбике аналар бүгін өзара бақ сынасты. Сайыстың талабы бойынша көп балалы, жасы 18 жасқа толмаған 4-6 баласы бар аналар қатысты.Бұл шараға елді-мекендерден келген мейірбикелер де қатысты. Байқаудың шарты бойынша қатысушы 3 турдан өтіп, жүлдері орындарды алуы керек. Тәрбиенің үздік үлгісін көрсеткен аналар сыйлықтар, алғыс хаттармен марапатталады.
Мейірімін төгіп, аялы алақанымен, жылы шырайымен науқастарды емдеп шығатын бірде бір адам ол- мейірбике. Кез келген медициналық мекемеде оларсыз іс жүрмейді. Ғимараттың тазалығынан бастап, науқастың көңіл-күйіне дейін назарында ұстайтын жандар. Бүгін олар жұмыс уақытында бір сәт те болса ақ халаттарын шешіп, келіндік әрі аналық рөлге енді.
Количество показов: 40
Дата создания: 26.04.2025 07:50:35