Мерейлі мамандық иелері
"Мейірбике - мерейлі мамандық ". Мейірбикелік іс арнайы машықты, білімді және оны қолданудағы ептілікті қажет етеді. Науқастарды емдеуде медбикелердің орны ерекше. Ол емделушінің жай-күйін дер кезінде бағалап, жалпы жағдайын жақсартуға, асқыну қауіптерін мейлінше азайтуға септігін тигізеді.Гүлзада Қаумешова- 30 жыл бойы мейірбеке болып қызмет етіп келеді. Денсаулық сақтау саласының үздігі. 3 баланың анасы, 11 немерем бар, деп мақтанады маман. Мейірбике болу- ұқыптылықты, жауапкершілікті, сабырлықты талап етеді. Жасөспірімдер мен балалармен жұмыс істегендіктен арасында психолог та боласың,-дейді ақ халатты.Салтанатты шарада Халық денсаулығын нығайту және сақтау үшін күресіп жүрген мейірбикелердің баға жетпес еңбегін дәріптеп жүрген 200-ге жуық облыс мейірбикесі марапатталды. Оларға денсаулық сақтау министрлігінің марапаты, төсбелгі, алғыс хаттары, "Қызыл ай қоғамы", "Қамқор қоғамдығы", "Аманат" партиясының, облыстық мәслихат және басқа да марапаттар табыс етілді.
Количество показов: 17
Дата создания: 13.05.2025 07:17:38