Мереке күндері облыс бойынша 747 қылмыс тіркелді
Мереке күндері облыс бойынша 747 қылмыс тіркелді. ПД мәліметінше, оның ішінде 8 жеке мүлікті ұрлау және 14 алаяқтық дерегі анықталып, жедел іздестіру шаралары барысында екі қылмыс ашылған. Сондай-ақ мереке күндері облыс жолдарында екі жол-көлік оқиғасы орын алып, апат салдарынан екі адам түрлі дене жарақатын алған. Бұдан бөлек, өңірде 1400-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оның мыңнан астамы жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегі болса, тағы бірқатары мас күйінде көлік жүргізу фактілеріне қатысты. Құқық қорғау органдары тұрғындарды қоғамдық тәртіпті сақтап, жол қозғалысы ережелерін қатаң ұстануға шақырады.Количество показов: 9
Дата создания: 11.03.2026 05:38:51



















