Мереке күні Мемлекеттік Туымыз желбіреді
Салтанатты іс шара еліміздің әнұранымен басталды. Кейін облыс басшысы барша ақтөбеліктерді Республика күнімен құттықтап, бұл күннің әрбір қазақстандық үшін маңыздылығын атап өтті. "25 қазан - бұл тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуындағы тарихи белес. 1990 жылы дәл осы күні қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы декларация Қазақстанның тәуелсіздікке апарар алғашқы қадамы болды. Бұл күн – ел тағдырындағы ерекше кезеңді, халқымыздың ерік-жігері мен болашаққа деген нық сенімін білдіреді. Бүгін біз еліміздің басты нышандарының бірі - Мемлекеттік Туымызды биікке көтере отырып, тәуелсіз Қазақстанның бірлігі мен жарқын болашағын айшықтаймыз. Көк байрағымыз - бейбіт өмірдің, еркіндік пен елдік рухтың символы. Біздің басты мақсатымыз - егемен еліміздің дамуына өз үлесімізді қосып, бірлігімізді нығайту. Көк туымыз әрдайым көкте желбіреп, егемен еліміздің еңсесі биік болсын!", - деді Асхат Шахаров.Қала тұрғындары да өздерінің мерекеге орай жылы лебіздерімен бөлісті. Тәуелсіз елде, тәуелсіз ұрпақ тәрбиелеп жатқандары, болашаққа зор үміт сыйлайтынын айтады. Шара барысында шаһар өнерпаздары қала тұрғындарына патриоттық әуендер орындап, көптің ықыласына бөленді.
Количество показов: 22
Дата создания: 29.10.2025 07:13:13



















