Менторлар шеберліктерін шыңдады
«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясындағы шеберлік сағатына Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің факультеттерінен 70-ке жуық ментор қатысты. Менторлар — студенттермен тікелей жұмыс істейтін, олардың тұрмыстық, академиялық және әлеуметтік мәселелерін шешуге көмектесетін тұлға. Менторлық жүйе енгізілгелі бері оқу орнындағы құқықбұзушылық жағдайларының азайғаны байқалады. Ал бүгінгі іс-шара менторлардың кәсіби біліктілігін арттыруға, студенттермен жұмысты жаңа деңгейге көтеруге бағытталды. Полицейлер құқықбұзушылықтың алдын алу, девиантты мінез-құлықты анықтау, интернет-алаяқтардан қорғану және жастар арасында құқықтық мәдениетті нығайту мәселелерін талқылады. Сонымен қатар құзырлы орган өкілдері жастарға құқықтық жауапкершілік пен қауіпсіздік ережелері жөнінде кеңес берді. Мұндай шеберлік сағаттары менторлардың тәжірибесін толықтырып қана қоймай, жастармен жұмыстың тиімділігін арттыруға сеп болады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, заң мен тәртіп қағидатын ұстану — тек ережелерді сақтау емес, өз болашағына деген жауапкершіліктің белгісі. Сондықтан мамандар әр студентті заңды құрметтеуге және саналы азамат болуға шақырды.Количество показов: 28
Дата создания: 07.10.2025 09:22:07