Жыл басталғалы әдеп кеңесінің 5 отырысы өтіп, 30-ға жуық мемлекеттік қызметкердің ісі қаралған. Мемлекеттік қызмет сапасын бақылау және әдеп жөніндегі кеңес қызметін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдарда 50-ге жуық тексеру жүргізілді. 2000-нан астам заң бұзушылық анықталды. 18 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды. Қол астындағы қызметкерлерін балағаттап немесе жөн сұрап барған азаматтарға дөрекі жауап беретін басшылар бар. Жыл басынан бері 10 лауазымды тұлғаға қатысты 33 әкімшілік іс қозғалды. Соттың шешімімен 1 млн.284 мың теңгеге айыппұл салынды. Мәселен, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласы қызметкерлері мен қалалық жер қатынастары, білім бөлімдерінің мамандары рұқсат құжаттарды беру мерзімін созған. Қарғалы ауданы, Велиховка селолық округінің әкімі Айнагүл Халиулина whatsapp әлеуметтік желісі арқылы ауыл тұрғынын балағаттаған. Ал қалалық білім бөлімінің маманы Рустам Әлжанов теріс ақпарат таратқаны үшін жауапкершілікке тартылды. Алға аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Ескендір Ізбасар алдына келген ауыл тұрғынын қуып шыққан. Мемлекеттік қызметші этикасын бұзғандардың ішінде облыстық мәдениет басқармасының басшысы Маржан Қорғанбаева да бар.
Өңірімізде 4 жарым мыңға жуық мемлекеттік қызметкер бар. Олардың орташа жасы 35 пен 38- дің аралығында. Жыл басынан бері 1000-нан астам мемлекеттік қызметке байқау жарияланған.
Количество показов: 1334
Дата создания: 09.08.2018 18:43:28
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>