Мемлекет басшысы Ақтөбеге келді
Президент Ақтөбеге келді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірге іс-сапары Кеңес Одағының Батыры Ә,Молдағұлованың мемориалдық ескерткіш кешеніне гүл шоғын қоюмен басталды. Батыр рухына бір минут үнсіздікпен тағзым етті. Биыл қазақтың қайсар қызы Әлияның туғанына – 100 жыл. Жыл басынан бері аймақта түрлі шара өтіп жатыр. Ел басшысы да арнайы келді. Қасым-Жомарт Тоқаев ескерткіш жанында ақтөбеліктермен кездесті. Қазіргі алмағайып заманда бірлікті, татулықты сақтау өте маңызды екенін атап өтті. Кейін Президент – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев XI халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының ашылу рәсіміне қатысты, «Айбын-2025» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны 22 маусымда басталды. Ұлы Жеңістің 80 жылдығына және Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған. Іс-шара Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштері Әскери институтының "Айбын" оқу орталығының базасында өтеді. Халықаралық жиынға 1000-нан астам жас жиналған. Әзірбайжан, Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінен патриоттар жиналды. 28-ші маусымға дейін жалғасады.Количество показов: 16
Дата создания: 26.06.2025 07:45:11