Мектептерде заңсыз ақша жинауға тыйым салынады
Аймақта биыл 190 мыңға жуық оқушы оқу жылын аяқтайды. Оның ішінде 11-сыныпты 11 099 түлек бітіреді. 707 түлек - үздік аттестатқа, 829 түлек - «Алтын белгіге» үміткер. Оқу жылын мектептер «Білімім - Отаныма!» атты сынып сағатымен 25 мамырда аяқтайды. Өңірдің бас ұстазының сөзінше, іс-шаралар міндетті түрде мектеп ғимаратында немесе аумағында ұйымдастырылып, мерекелік әрі шығармашылық форматта өткізілуі тиіс. Басқарма басшысы қорытынды емтихандар мен аттестат тапсыру мерзімдерін де атап өтті. 9-сынып бітірушілері үшін қорытынды емтихандар 29 мамыр - 11 маусым аралығында, 11-сынып түлектері үшін мемлекеттік емтихандар 2 - 15 маусым аралығында өтеді. 17-18 маусымда аттестаттары табысталады. Сонымен қатар, Күзембаева мектептерде заңсыз ақша жинауға және артық шығындарға қатаң тыйым салынатындығын да ескертеді. Оқу-ағарту министрінің арнайы бұйрығымен бекітілген. Ата-аналар балалардың қауіпсіздігіне аса назар аудару қажет. Бастауыш сынып оқушылары дәстүрлі түрде жазғы демалысқа шығады. Ал 5-8,10-сыныптардың 79 мыңнан астам оқушысы 26-30 мамыр аралығында қазақ тілінен аралық емтихан тапсырады. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 28 133 студент оқу жылын аяқтап, 8812 түлек бітіреді. Оның 5120-сы мемлекеттік тапсырыс негізіндегі білім алушы.Количество показов: 9
Дата создания: 19.05.2026 07:07:04



















