Мектеп оқушысының өліміне кінәлі деп танылғандар бостандыққа шықты
Облыстық сот алқасы мектеп оқушысының өліміне кінәлі деп танылғандарға кесілген жазаны өзгертіп, сотталғандар бостандыққа шықты. Темір ауданында 14 жастағы Нұржан Сыдықты жоғары сынып оқушылары соққыға жығып, салдарынан ол оқиға орнында жан тапсырды. Оқиға 2024-ші жылдың қыркүйегінде болды. 10-шы, 11-ші сыныпта оқитын 6 жасөспірімнің үшеуі 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылған еді. Екі тарап та үкімге шағым түсірді. Аймақта 14 жастағы оқушы өліміне кінәлі деп сотталғандар бостандыққа шықты. Облыстық сот алқасы Нұржан Сыдықтың өліміне кінәлілердің жазасын өзгертті. Жазаны бас бостандығынан айырудан шартты жазаға ауыстырылды. Сотталғандар кінәларын мойындап, іс-әрекеттеріне өкінген. Оқиға 2024-ші жылдың қыркүйегінде болды. Темір ауданы Қопа ауылында 14 жастағы Нұржан Сыдықты жоғары сынып оқушылары соққыға жығып, салдарынан ол оқиға орнында мерт болды. 17 жастағы 6 жасөспірімнің үшеуі 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылып, тағы үшеуіне 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған еді. Сот үкімі 2025-ші жылдың қазанында шықты. Екі тарап та үкімге шағым түсіріп, жазаны жеңілдетуді сұраған.Количество показов: 7
Дата создания: 13.01.2026 07:38:08



















