Мектеп оқушылары бұқаралық спорт түрлерінен жарысты
Бүгін Ақтөбелік жас спортшылар бір-бірімен бақ сынасты. Боз кілемде белдесіп, арқан тартысқандар- мектеп оқушылары. Аталмыш шара арнайы қала күніне орай ұйымдастырылып отыр. Бүгінгі шараға жиналғандардың қарасы көп. Жас спортшылар бұқаралық спорт түрінен өзара мықтыны анықтады. Көбінің назары дзюдо, каратэ сынды спорт түрлеріне ауған. Спортшылар 4 жастан бастап шұғылданатын болғандықтан бұл спортқа сұраныс көп, дейді жаттықтырушылар.Бүгінгі шарадан жас спортшылар құр-қол қайтпады. Жеңіс тұғырынан көрінгендер медальдарын мойынына тағып қайтты.Количество показов: 24
Дата создания: 29.05.2025 00:40:08