Мектеп директорларының орынбасарлары біліктіліктерін арттырды
"Ең алдымен - адамдар: Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың практикалық құралдары" семинары ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалында өтті. Шараның өтуіне қалалық білім бөлімі мен қалалық білім беру қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы мұрындық болып отыр. Облыста 1 200-ден аса мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты маман бар. Соның тек 0,28 пайызы ғана бүгінге дейін біліктілігін арттыру курсынан өткен. Семинар нәтижесінде тыңдаушылар білім саласында көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру жолдары, осы салаладағы заңнаманың сақталуы, киберқауіпсіздік негіздері, қызмет көрсету барысында кездесетін конфлитктердің алдын алу, коммуникация, эмоцияны басқару бойынша кәсіби және тұлғалық құзыреттерін дамытуға мүмкіндік алады. Семинар үш күндік. Осы уақыт аралығында қатысушылар өздерінің қызметтік біліктіліктерін арттырады. Шаһар 50 мектеп директорының орынбасарлары қатысты. Олар тәжірибе жүзінде түрлі тапсырмалар орындап, келеңсіз оқиғаларда өздерін қалай ұстау керектгін меңгерді.Количество показов: 17
Дата создания: 31.10.2025 08:06:12














 
 
    




 
 