Мектеп ауласына мыңнан аса гүл егілді
Қаламыздағы №8 мектепте бүгін ауланы көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Оқушылар мен ата-аналар, ұстаздар бірлесе отырып, мектеп ауласын гүлдендірді. 1000-ға жуық гүл отырғызып, қоршаған ортаны қорғауға, жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға үлестерін қосты. Қалада көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары өз жалғасын табуда. Бүгінгі №8 орта мектепте өткен игі шараға мектеп әкімшілігі, ұстаздар, оқушылар мен ата-аналар қатысты. Осының аясында мектеп ауласына 500 түп раушан және 500 түп петунья гүлдері отырғызылды. Түрлі түсті петуньялар мен әсем раушандар мектеп ауласына ерекше сән беріп, айналасы түрлі түсті гүлдермен көмкерілді. Мектеп оқушысы анасының сөзінше, бұл акция - экологиялық тәрбие мен туған өлкені көркейтуге бағытталған нақты істердің жарқын үлгісі. Аталған жоба қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және жас ұрпақты табиғатты аялауға тәрбиелеуге бағытталған. Қатысушылардың айтуынша, бұл тек сенбілік емес, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыратын маңызды бастама. Шара соңында мектеп ұжымы алдағы уақытта да абаттандыру жұмыстарын жалғастырып, жасыл желек санын арттыруды жоспарлап отырғанын жеткізді. Бірлескен еңбектің нәтижесінде мектеп ауласы таза, көркем әрі жайлы ортаға айналды.Количество показов: 8
Дата создания: 01.05.2026 06:18:57



















