Медицина қызметкерлеріне қызметтік пәтерлер табысталды
Бүгін аймақтағы денсаулық сақұтау саласының мамандары марапатқа ие болды. Медицина қызметкерлері күніне орай үздіктер анықталды. Шараға облыс әкімдігі, облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері мен саланың ардагерлері қатысты. 4 жас маман қыметтік пәтер кілтіне ие болды. Тағы 15 көлік қала және аудандардағы емханаларға табысталды. Пәтерлі болғандар қатарында Дмитрий Ли де бар. М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінің түлегі 5 жылдан бері балалар хирургы. Талай кішкентай ақтөбеліктің дертінен айығуына көмектескен жан. Медицина саласының ардагерлері де бүгін марапатқа ие болды. Алғыс хат алды. Дәрігер, медбикелер бағалы сыйлықтармен марапатталды.Количество показов: 31
Дата создания: 14.06.2025 09:04:39