Маусымдық көкөністер құны қанша?
Қазір дүкеннен қай уақытта болмасын кез келген өнімді табуға мүмкіндік бар. Тіпті қарбызды дүкеннен қыста да таба аласыз. Әйтсе де маусымдық көкөністер мен жемістер дәмді, пайдалы әрі арзан болады. Жеке кәсіпкердің айтуынша, биыл базарда сатып алушылар былтырғымен салыстырғанда өте аз. Оған себеп - ірі супермаркеттер мен шағын базарлардың көптеп ашылуы. Дегенмен, өнімнің құнына мән беретіндер де жоқ емес. Қымбаттау болса, оны да саудагерлерге айтып кететіндер көп. "Бірақ біз бағаны ойдан шығармаймыз, өзіміз де солай қымбатқа сатып алып отырмыз,-дейді Айкел Сейделла. Сонда да базардан жеміс пен көкөніс алушылар ең балғынын, дәмдісін толып тұрған сөреден керегінше таңдап алады. Қазір көтерме базарда қызанақ пен қияр келісі 250-400 теңгенің аралығында. Алматылық алма 350 теңгеден басталады. Жүзім - 500-700-900тг, өрік-400 теңгеден саудаланып жатыр. Картопты қаппен алсаңыз, келісіне 140 теңге, жуа - 110 тг, сәбіз-180 тг, болгар бұрышы- 250-400 теңгенін аралығында сатылуда.Количество показов: 12
Дата создания: 18.09.2025 07:29:08